17 сәуір 2020 | 09:54

Қарағанды маңында құлаған ұшақ: оқиғаның мән-жайы хабарланды

Қарағанды маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник Құрманғалиев және подполковник Гаврилко басқарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 жойғыш ұшағын подполковник Құрманғалиев және подполковник Гаврилко басқарғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

"Олар тәжірибелі әскери ұшқыштар. А. Құрманғалиевтің жалпы ұшу уақыты 888 сағат болса, ал И. Гаврилконыкі -1161 сағат", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Апат орнына Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жердегі іздестіру-құтқару қызметі бірінші болып келген.

Ұшқыштарға оқиға болған жерде алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін, олар Қарағанды қаласының ауруханасына эвакуацияланды.

"Қазіргі кезде ұшқыштарға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Дәрігерлер біреуінің жағдайын қанағаттанарлық, екіншісінікі орташа ауыр деп бағалады", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігінен тағайындаған комиссия авиациялық оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Апат орнына Әуе қорғаныс күштерінің бас қолбасшысы мен Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы ұшып кетті.

Айта кетейік, апатқа ұшыраған ұшақ 1991 жылы шығарылған болатын. Бұл  МиГ-31 ұшағының Қазақстандағы төртінші рет апатқа ұшырауы. Бұдан бұрынғы оқиғалар 2007, 2008, 2013 жылдары болған. 

Еске салайық, кеше, 16 сәуірде Қарағанды облысында әскери ұшақ құлады. Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің МиГ-31 ұшағы Қарағанды қаласының маңында жауынгерлік кезекшілікті атқаруға дайындық бойынша жоспарлы ұшуларды орындау барысында апатқа ұшыра5ан болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная