ПОДЕЛИТЬСЯ
01 наурыз 2019 | 09:35
Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары екі айға қамауға алынды
Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жандос Әбішев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Жандос Әбішев екі айға қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Кеше Қарағандының мамандандырылған тергеу соты Жандос Әбішевке қатысты бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алу туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз хатшысы Гүлбаршын Жітікова.
Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынғаны хабарланған болатын. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Арман Бердалин Қарағанды облысы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталғанын мәлімдеген еді.
Показать комментарии
Читайте также