11 сәуір 2023 17:11

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жас спортшының қайтыс болғаны туралы қыз тұратын Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Faceebook-те хабарлады.

"10 сәуірде жас спортшы Соннова Арина Васильевнаның жүрегі тоқтап қалды. Арина каратэ-киокушинкай-канмен айналысып, спорттың осы түрінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болған. Отбасына қайғырып көңіл айтамын", - деп жазды аудан әкімі.

Реклама
Реклама

Қыздың өлімі туралы ақпаратқа Қарағанды ​​облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство қыздың ауыр жарақаттан қайтыс болғанын айтты.

Арина Соннова аттан құлап, тасқа соғылған. Кейін алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ол 6 жасынан бастап Осакаровка ауылында каратэмен айналысқан. Жас спортшы республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлерде бірінші орын иеленген. Арина Қазақстан чемпионаты мен кубогының, сондай-ақ, Азия біріншілігінің жүлдегері болған.

Аринаның алғашқы жетістігі Жезқазған қаласында өткен балалар арасындағы ашық аймақтық турнирде бірінші орын алуы еді. Соннованың жеңістерінің ішінде маңыздысы - 2019 жылы Тараз қаласында өткен Азия кубогы. Онда спортшы 2-орын алған. Кубок қорытындысы бойынша Арина каратэ-киокушинкай-каннан Қазақстан құрамасына кірген.

"Арина Соннованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз", - делінген Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram