02 желтоқсан 2020 | 07:22

Қарағанды облысында 3 тонна мұнай қалдығы жолға төгіліп қалды

"Хабар 24" видеосынан кадр

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мұнай қалдығы жолға төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында мұнай қалдығы жолға төгілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

Атасу ауылы мен Жұмажанов атындағы ауылдық округтің аралығындағы учаскеде 10 тонна мұнай қалдығын алып бара жатқан жүк көлігінің артқы жағындағы борты ашылып кетіп, үш тонна қалдық жолға төгіліп қалды.

Реклама
Реклама

Аудандық әкімдіктегілердің мәліметінше, көлік қалдықты Қарағандыдағы "ҚазТрансОйл" мұнай құбырын басқару компаниясынан кәдеге жарату үшін Атасу буландыру цехына алып жара жатқан. Шенеуніктердің айтуынша, мұнай қалдығы төгілген 10 шаршы метр жер тазартылған. Қанша шығын келтірілгенін анықтау үшін барлық материал экологтарға жіберілген.

"Қазір біз барлық мұнай қалдығын тазаладық. Қажет құжаттар жиналды және тиіс органдарға жіберілді", - деді Жұмажанов атындағы ауылдық округ әкімі Думан Бүкірбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная