11 маусым 2020 | 18:25

Қарағанды облысында 46 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған

Фото: elements.envato.com

Қарағанды облысында 46 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Мәліметті аймақтың Денсаулық сақтау басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында 46 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Мәліметті аймақтың Денсаулық сақтау басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше күн бойы Қарағанды ​​облысы коронавирус инфекциясының көбеюі бойынша көш бастап келеді. Мысалы, 10 маусымда Қазақстанда COVID-19 239 адамнан анықталған, өсім - 1,8 пайыз. Оның ішінде ең көп науқас Қарағанды ​​облысында тіркелген - 52 (4,2 пайыз) адам.

Реклама
Реклама

Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, 10 маусымдағы жағдай бойынша сегіз науқастың жағдайы ауыр, бірақ ешкім жасанды тыныс беру аппаратына қосылмаған. Сонымен бірге, 46 медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған.

Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысында санитар дәрігер коронавирустан қайтыс болғаны хабарланған.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная