ПОДЕЛИТЬСЯ
06 желтоқсан 2020 | 09:45
"Қарағанды облысында 8 жастағы баланы зорлап, камераға түсірген": сараптама жасалады
"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) Facebook желісінде балалар зорлығына қатысты пост жазды. Ол "Қарағанды облысында төртінші сынып оқушылары 8 жастағы баланы зорлағанын және камераға түсіргенін" мәлімдеді. Аймақтағы полиция өкілдері жазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"НеМолчи" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) Facebook желісінде балалар зорлығына қатысты пост жазды. Ол "Қарағанды облысында төртінші сынып оқушылары 8 жастағы баланы зорлағанын және камераға түсіргенін" мәлімдеді. Аймақтағы полиция өкілдері жазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін Қарағанды облысындағы 8 жастағы ұлдың ата-анасынан тағы бір хабарлама келді. Оның баласын 4-сынып оқушылары зорлаған! Камераға түсірген, порно қарауға мәжбүрлеген, басқа балалардың көзінше, оның ішінде қыздардың алдында сексуалды қатынасқа түсуге мәжбүрлеген! Бұл соңғы 10 күндегі үшінші хабар", - деп жазды Таңсәрі.
Полиция ақпаратты тексеріп жатыр, сараптама тағайындалды.
"Әлеуметтік желілерде және ақпарат агенттіктерінде "8 жастағы баланы 4-сынып балалары зорлаған және камераға түсірген..." деген хабар тарап жатыр. Бұл ақпаратты полиция тіркеп алды. Оқиғаға қатысы бар болуы мүмкін деген тұлғалар анықталды және заң өкілдерінің көзінше сұрау салынды.
Зардап шеккен тарап дене жарақаты және зорлау фактін жоққа шығарды. Кәмелетке толмағандарға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қажет сараптама жасалғаннан кейін процессуалдық шешім шығарылады", - деді Қарағанда облысы ПД баспасөз қызметіндегілер.
Дина Таңсәрі балаларға әлемжеттік көрсеткен тағы екі дерек туралы жазды.
"Шымкентте 12 жастағы бала екі ай бойы 4-8 жас аралығындағы балаларға азғындық жасаған! Түркістанда 15 жастағы жасөспірімдер үшеу болып 14 жастағы ұлды интернатта зорлаған!" - делінген "НеМолчи" басшысының жазбасында.
Шымкент және Түркістан полиция департаменттеріндегілер әзірге бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также