04 қыркүйек 2023 14:32

Қарағанды облысында ата-аналар "алты күндік" оқу аптасына қарсы шықты

Сурет: Freepik.com

Білім басқармасы Қарағанды облысындағы оқушылардың ата-аналарының жаппай наразылығынан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Білім басқармасы Қарағанды облысындағы оқушылардың ата-аналарының жаппай наразылығынан кейін мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Шахтинск қаласында бірнеше мектептің ата-аналары алты күндік оқу аптасына қарсы бүлік шығарғанын хабарлаған болатынбыз. Кейін ата-аналар Шахтинск білім бөлімінің басшысы Білім министрінің бұйрығына қарсы шықты деп мәлімдеген еді.

Ата-аналардың наразылығы жергілікті білім беру шенеуніктерінің қабылдаған шешімін қайта қарауға мәжбүр етті. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, гимназиялар мен лицейлерден басқа, өңірдегі мектептердің көпшілігінде оқу аптасы бес күн.

Реклама
Реклама

"Ата-аналардан келген өтініштерді назарға алып, қала мен аудандардың білім бөлімдерінің басшыларына бес күндік режимге қайта кіру үшін кесте құру мүмкіндігін қарастыру ұсынылды. Сонымен қатар, оқу жоспарында көзделген гимназия және лицей сыныптары үшін қосымша сағаттар сенбі күндері өткізіледі", - деп хабарлады Қарағанды облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін оқушылардың ата-аналары облыс білім бөлімдерінің басшылары бұйрықты бұзып, балаларды бес күндік оқу аптасынан, сондай-ақ үйірмелер мен секциялардан айырды деп шағымданып, Ғылым және жоғары білім министрінің Қарағандыға келуін талап еткен болатын.

Ата-аналардың ұстанымына "Игілік" қоғамдық қорының өкілі Белла Филимонова түсініктеме берді. Құқық қорғаушы бұл пікірді Саран мен Қарағанды қаласының ата-аналары да қолдайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram