Қарағанды облысында ауыл тұрғындары 11 шақырым жерден су тасып ішеді

Фото: Иван Сухоруков

Қарағанды облысының Сарытөбе ауылында 700-ге жуық адам интернетсіз және малға жайылымсыз тұрып жатыр. Ал ішетін суын 11 шақырым жерден тасиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Сарытөбе ауылында 700-ге жуық адам интернетсіз және малға жайылымсыз тұрып жатыр. Ал ішетін суын 11 шақырым жерден тасиды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елді мекен Қарағандыдан 40 шақырым жерде орналасқан. Мұнда қызыл автобуспен журналистер, блогерлер және қоғам белсенділері келді.

Жергілікті тұрғындар қанша жылдан бері ауызсу күтіп отырғанын айтты.

Реклама
Реклама

"Егер біз ішіп отырған суды тексерсе, онда ол ішуге жарамайды деген нәтиже шығатын шығар. Теңіз суы секілді тұзды. Бүйрегіміз ауырады", - деді жергілікті тұрғын. 

"Мен су үшін 11 шақырым жүремін", - деп қосты көршісі.

Сондай-ақ, ауылдықтар Сарытөбеде интернет жоғын айтты. Тіпті жақын жерде мал үшін жайылым жоқ екен. Оған ауыл маңындағы жердің басқа мақсатта пайдаланылып жатқаны (егін егуге) себеп болып тұр. Дегенмен ауыл тұрғындары мал шаруашылығымен күн көріп отыр.

Жергілікті әкімнің айтуынша, бұрын проблема бұдан да көп болған. 

"Биыл ауылға су құбыры жүргізіледі. Жайылым мәселесі де бақылауда, шешімін іздеп жатырмыз. Интернетке қатысты айтар болсам, қазір жоба әзірленіп жатыр. Тіпті инфрақұрылым үшін ақша салынып қойды. Көктемде бұл мәселені көтереміз. Ол да шешіледі деген ойдамын", - деп уәде етті қоғам белсенділеріне Көкпекті ауылдық округ әкімі Айдын Досмақов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама