28 мамыр 2022 | 09:49

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары жолды өз күшімен жөндеп алды

Сурет: "Хабар 24"

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Бақты ауылының тұрғындары өз күшімен ішкі жолдардың барлығын жөндеп, елді мекенге кіре берістегі қақпаны қалпына келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Бақты ауылының тұрғындары өз күшімен ішкі жолдардың барлығын жөндеп, елді мекенге кіре берістегі қақпаны қалпына келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Алпыс жылдық тарихы бар ауылда осы күнге дейін мешіт те болмаған екен. Оны да жылу жинап салып алыпты. Енді спорт кешенін тұрғызсақ.

Ауыл жұртының ауызбіршілігін одан әрі арттыру үшін мұнда алғаш рет ауыл күні өтті. Телеарна міліметінше, ұлттық ойындардың бірнеше түрінен жарыс ұйымдастырылып, оған облыстың түкпір-түкпірінен атбегілер, спортшылар жиналды. Әуелі жігіттер жағы арқан тартып жарысса, қыздар 3 шақырым қашықтыққа жүгірді, ал атан жілік азаматтар қошқар көтерді. Халықтың делебесін қоздырған аламан бәйгеде Теміртаудан келген арғымақтың бағы жанып, бас жүлдені иеленді. Бұл күні тағайындалған 2 миллион теңдеген астам жүлде қорының барлығын ауыл азаматтары жинаған. Мерекеде "Бақты - бақ мекенім" деген жаңа әннің тұсауы кесілді. Оның авторы - Арқаның ақыны Мирас Асан. 

Реклама
Реклама

"Ұлттық бірлік жолында ауыл күнін атап өтуді алдымызға мақсат тұттық. Сол мақсатымызды жақсы орындау барысында ауыл азаматтары әсіресе ауыл ішін абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Көшелерге тас төселіп, олар автогрейдерлермен тегістеліп, жол әжептәуір жөнделді. Бұзылып қалған үйлер, нысандарды тазалап, әруақтар жатқан қорымның маңайы тазаланып, көптің күшімен жүзеге асты", - дейді Бақты ауылының тұрғыны Болат Асан. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram