ПОДЕЛИТЬСЯ
24 ақпан 2021 | 18:03
Қарағанды облысында далада адасқан жасөспірімді тапқан полицейлер марапатталады
Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы ен далада адасқан баланы тапқан полицейлерді марапаттау туралы ҚР ІІМ-ге ұсыныс жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы ен далада адасқан баланы тапқан полицейлерді марапаттау туралы ҚР ІІМ-ге ұсыныс жіберді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Марапатқа Жаңаарқа ауданы Бидайық ауылының учаскелік полиция инспекторы Жұбаныш Жүнісбеков пен оның серіктесі Қами Өскенбаев ұсынылды. Бұл туралы Қарағанды облысы полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин халыққа есеп беру онлайн-кездесуде айтты.
"Жасөспірім 14 ақпанда жоғалып кетті, бірақ ата-анасы бұл туралы кеш хабарлады. Шынымды айтсам, үміт аз болған. Дегенмен еріктілер, ТЖМ және полиция қызметкерлерінің арқасында бала аман-сау табылды. Бүгінгі таңда жасөспірімді іздеуге шыққан және тапқан қызметкерлер ҚР ІІМ басшысының марапатына ұсынылды", - деді Ерлан Файзуллин.
Полиция департаменті баспасөз қызметіндегілер Жұбаныш Жүнісбеков пен Ками Өскенбаевқа сыйлық берілетінін атап өтті.
Еске салайық, 16 ақпанда Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының полиция бөліміне 14 ақпанда 16 жастағы жасөспірімнің қыстақтардың бірінен кетіп, қайта оралмағаны туралы хабарлама түскен. Баланың ата-анасымен сөйлескен полицейлер олардың жасөспірімді екі күн бойы өздері іздегенін, алайда нәтиже болмағанын анықтаған. Кейін бала табылған соң учаскелік полиция инспекторы Жұбаныш Жүнісбековтың сұхбаты жарияланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также