13 сәуір 2022 | 13:09

Қарағанды облысында екі жасар қызға әлемдегі ең қымбат екпе салынды

Иллюстрациялық фото mid-rb.ru сайтынан

Қарағанды ​​облысында екі жасар Айсезім Жаңбырбайға дүниежүзіндегі ең қымбат Zolgensma препараты егілді. Ол Қазақстанда мұндай екпе алған төртінші бала болды, - деп хабарлайды "Новый Вестник" газеті.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында екі жасар Айсезім Жаңбырбайға дүниежүзіндегі ең қымбат Zolgensma препараты егілді. Ол Қазақстанда мұндай екпе алған төртінші бала болды, - деп хабарлайды "Новый Вестник" газеті.

Басылым мәліметінше, Айсезім Шет ауданы, Ақсу-Аюлы аулында тұрады. Былтыр қыркүйекте оған омыртқа бұлшықетінің атрофиясы деген диагноз қойылған. Екі жасар сәбидің анасының айтуынша, жүктілік кезінде асқынулар байқалмаған. Бірақ бірнеше айдан кейін ата-анасы қызы басын ұстай алмайтынын байқапты.

"Содан бері оны дәрігерлерге тексерте бастадық. Диагнозымызды білген кезде, бірден шот аштық. Басында "Өмірге сен" қорына жүгіндік, олар "Қазақстан халқына" қорына құжат тапсыруға көмектесті", - дейді Айсезімнің анасы Жанна Алдабергенова.

Реклама
Реклама

Газет мәліметінше, "Қазақстан халқына" қоры өтінімді мақұлдап, швейцариялық Novartis компаниясынан Zolgensma препаратын сатып алуға қаражат бөлген. Бүгінде бұл әлемдегі ең қымбат дәрі және миллиард теңгеге сатылады.

Айсезімге бұл екпе 7 сәуірде жасалған. 

"Бұл препарат бізге үміт сыйлады. Бірақ әзірге жанама әсерлер байқалып жатыр, оны дәрігерлер бізге ескерткен. Бұл - құсу, дене қызуы. Алдағы уақытта Айсезімнің жағдайы жақсарады деп сенеміз. Әрине, бір препарат керемет әсер етпейді. Әрі қарай бәрі өзімізге байланысты", - деп бөлісті Жанна Алдабергенова.

Туыстары Айсезім сауығып кететініне сенеді. Ал Айсезімді алда ұзақ уақыт оңалту күтіп тұр - ол тағы 6 ай бақылауда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная