Қарағанды облысында жүзден аса киік ұшасы жойылды

видео кадры

Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Жаманқон өзенінде киіктердің өлекселері жойылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысы Нұра ауданындағы Жаманқон өзенінде киіктердің өлекселері жойылып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

505 өлексе анықталып, олардың 175-тен астамы жойылған. Жұмысқа ТЖД қызметкерлері, РМК "Охотзоопром" және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.

"Охотзоопром" кәсіпорнының алдын ала мәліметтері бойынша жануарлардың жаппай қырылуына қолайсыз ауа райы мен азықтың жетіспеушілігі себеп болған. Инфекция таралуының алдын алу үшін барлық өлексе санитарлық талаптарға сәйкес Беккари биотермиялық шұңқырына көміледі", - деп жазылған хабарламада.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында мобильді топтар жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ұлытау облысында мыңдаған киік қырылғаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама