25 сәуір 2022 | 11:03

Қарағанды ​​облысында қалың қар жауды

Дина Шарипханова Корреспондент
Босаға станциясы. Қарағанды ​​облысы. Сурет: Смағұлов Саламат

Қарағанды ​​облысында қалың қар жауды. Жолдар әзірге ашық, жергілікті тұрғындар сурет және видеоларды бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысында қалың қар жауды. Жолдар әзірге ашық, жергілікті тұрғындар сурет және видеоларды бөлісіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін облыста ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жарияланған. Қазгидромет мәліметінше, 25 сәуірде Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде жауын-шашын - жаңбыр, қар жауады. Облыстың оңтүстігінде шығыс, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні секундына 25 метрге жетеді.

Жергілікті тұрғын Саламат Смағұлов облыстағы Шет ауданы Босаға станциясынан сурет пен видеолар жолдады.

Реклама
Реклама

"ҚазАвтоЖол" баспасөз хатшысы Ләззат Стамғазиеваның айтуынша, қар таңертең басталған.

"25 сәуірде сағат 5.30-дан 9.00-ге дейін Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды-Балқаш учаскесінде 30 шақырымда бұрқасын түріндегі жауын-шашын байқалды. Қазір ауа райы қалыпты. Жол қызметтері жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

Сондай-ақ, жолда түсірілген видеоларды жүк көлік жүргізушілері редакцияның WhatsApp +7 777 001 44 99 нөміріне жіберген.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта республикалық маңызы бар барлық жол ашық.

"Республикалық маңызы бар жолды жабу мәселесі жергілікті полиция қызметі, Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесе пысықталады және көктайғақ болып, жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етсе жабылады", - деп қосты Стамғазиева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная