26 желтоқсан 2020 15:05

Қарағанды облысында оқу жылының басынан бері 184 бала COVID-19 жұқтырған

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Оқу жылының басынан бері Қарағанды облысында оқушылар арасында коронавирустың зертханалық расталған 184 жағдайы тіркелді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК өкілдері хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оның ішінде 107-і күндізгі режимде, 77-сі қашықтан оқыған.
 
Ақпарат бойынша, бүгінгі таңда 5 мектеп қашықтан оқытуға көшірілген. Ақтоғай ауданында - 1, Бұқар Жырау ауданында - 2, Теміртау қаласында - 2 мектеп.
 
Оқу жылының басынан мониторингтік топтар 237 білім беру нысанын тексеріп, 28 жағдайда тәртіпбұзушылықтар анықтаған.

Реклама
Реклама

Мектептерде анықталған бұзушылықтар арасында:

- ең көп кездескені - маска тағу режимін бұзу;
- таңертеңгі сүзгінің жүргізілмеуі, дымқыл тазалау сапасыз жүргізілген;
- дезқұралдар, антисептиктер жеткіліксіз және пайдаланылған маскаларға арналған ыдыстар жоқ;
- қашықтық белгілері жоқ, парталар арасындағы арақашықтық сақталмайды, сабақтар арасындағы аралықтың бұзылуы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram