Қарағанды облысында оқушылар қашықтан оқуға ауыстырылды

Фото: Tengrinews.kz мұрағатынан

Қарағанды облысында 26 сәуірден бастап 1-5 сынып оқушылары қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында 26 сәуірден бастап 1-5 сынып оқушылары қашықтан оқыту режиміне ауыстырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқушыларды қашықтан оқыту форматына көшіру туралы облыстық білім басқармасындағылар айтты. Ведомство мәліметі бойынша, мұндай шара СОVID-19 жұқтыру дерегінің көбеюіне жол бермеу үшін қабылданған.

"Білім алушылар, тәрбиеленушілер және білім беру қызметкерлері арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегінің көбеюіне жол бермеу үшін және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұсынымы негізінде 2021 жылғы 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында Жезқазған, Қарағанды, Теміртау қалаларында 1-5 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. 9-11 сыныптар штаттық режимде оқиды. Жезқазған қаласының төрт ауылдық мектебі штаттық режимде оқуын жалғастырады. Облыстың басқа өңірінде оқыту бұрынғы режимде өтеді", - деді ведомство өкілі.

Реклама
Реклама

Қарағанды облысы 7 сәуірде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны бойынша "қызыл" аймаққа кірген болатын. Өңірде СОVID-19 пандемиясы басталғаннан бері 22 мыңнан аса адам инфекция жұқтырған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама