ПОДЕЛИТЬСЯ
07 желтоқсан 2022 | 09:14
Қарағанды облысында ондаған көпқабатты үй мен мектептер жылусыз қалды
Қарағанды облысының Абай қаласында ондаған көпқабатты үй мен мектептерде жылу жоқ. 30 мыңға жуық халықтың тең жартысы пәтерлерінде жылытқыштармен отырса, мектеп мұғалімдері балаларға жылы көрпе сұратып жатыр. Ал жергілікті әкімдік ыстық судың берілуі 90 градустан жоғары екенін айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Абайлықтардың айтуынша, пәтерлердегі температура Цельсий бойынша 12-15 градусқа дейін әрең көтеріледі, батареялары салқын.
"Желтоқсанның аяғы мен қаңтардың басына дейін осылай жалғасса екінші Екібастұз болады. Немесе үйлер ылғалдан опырылып қалады", - дейді қала тұрғындары.
Телеарна мәліметінше, қаланы жылытатын Топар ГРЭС-інің жылу беруі жақсы. Жеткізуі 90 градус. Дегенмен, бәрі пәтерлерге жете бермейді.
"Себебі ыстық су айналмай тұр, циркуляция жоқ. Жылу орталығы ыстық суды айналдырып бере алмай отыр. Оны айналдыратын насостары жоқ немесе күші нашар деген сөз", - дейді Надежда Медведева.
Абай әкімдігі сорғыларды қайта жаңғыртып, желілерді ауыстыру үшін 20 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет екенін мәлімдеді. Өткен жылы олар үш миллиардқа жуық ақша сұраған, бірақ бөлінбеген.
"ГРЭС Топар кентінде орналасқан. Бізге 22 шақырым арақашықтығы бар. Қатты жел болғанда ГРЭС-тен шыққан температура Абайға жеткенше бір 20 градустай жоғалады. Қолымызда 2 миллиард 800 миллион теңгеге арналған құжатымыз бар, Абай БАМ насосный станциясынан Абай станциясы аралығындағы жылу құбырын ауыстыру бойынша. Оған былтыр облыстық басқармаға өтінім берілген. Бірақ жауап болмады. Биыл тағы да сол өтінімді беріп отырмыз", - деді Абайдың әкімі Медеу Әметов.
Тұрғындар қалаға жылу берілгенін жоққа шығармайды, бірақ жылудың қызуы жоқ. Қалада барлық проблемалық нүктелерді тексеретін арнайы комиссия құрылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также