02 тамыз 2022 | 08:53

Қарағанды ​​облысында Осакаров ауданы атауы өзгереді

Дина Шарипханова Корреспондент
© ekaraganda

Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қарағанды облысының Осакаров ауданы атауын өзгертуге байланысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Үкімет жанындағы республикалық ономастика комиссиясы Қарағанды облысының Осакаров ауданы атауын өзгертуге байланысты шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар жиырма жыл бойы "Сарыбел" тарихи атауын қайтару мәселесін көтеріп келген болатын. ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы осы мәселеге байланысты бірауыздан оң шешім қабылдады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы әкімдігінің жаңа ауданға "Тұран" атауын беру туралы ұсынысы да қолдау тапты. 

Реклама
Реклама

"Қоғамда ономастика мәселелерінің әлеуметтік маңызы зор. Барлық ұсыныс сараптамалық және ғылыми орта өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті тұрғындардың қатысуымен қаралады. Соңғы уақытта комиссия бірінші кезекте азаматтардың пікірін ескеріп, бірқатар маңызды шешім қабылдады", - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная