29 қыркүйек 2023 | 10:31

Қарағанды ​​облысында "Өзіміз ғой Арай" чатын құрған адам ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
видео кадры

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша істі тергеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу барысында Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50 пайыздан 300 пайызға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде етіп, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банк қосымшасы арқылы аударылған.

Реклама
Реклама

Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алдын ала тергеулер бойынша, "Өзіміз гой Арай" чатында 100-ден аса қатысушы анықталды, қазір "Люкс чат", "Чек чат Люкс 100%", "Вклад чат 50%" деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная