Қарағанды облысында сотталған адам сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады

Видео кадры

Қарағанды облысында сотталған адам сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады. АК-159/5 мекемесі әкімшілігінің рұқсатын алған ол бейнехабарлама дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында сотталған адам сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасады. АК-159/5 мекемесі әкімшілігінің рұқсатын алған ол бейнехабарлама дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осы жылдың ақпанында Сергей Цветков сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасауға оқталады. Ол өз ғашығымен бостандықта танысқан. 

"Ларисамен колонияға түспес бұрын таныстым. Оның жаны таза және болған жағдайға қарамастан, менен бас тартпады. Ол мені күтіп жүр, бізді өте мөлдір сезім байланыстырады. Ларисаның арқасында өз болашағым туралы жиі ойлайтын болдым. Бірінші рет сотталып отырған жоқпын, оны мойындаймын. Енді барлығын жаңадан бастағым келеді. Өзімнің сүйікті әйеліме үйленуге ұсыныс жасап, бақытты ғұмыр кешкім келеді. Ларисамен жүздесуді армандап жүрмін", - деді Сергей.

Реклама
Реклама

Сергей видеоны түсіруге мұқият дайындалды. Ол,тіпті, түрме ұстаханасында қалыңдық үшін сақина жасады. Видеода ол өзінің ғашығы мен болашақ қайын енесін келе жатқан мерекемен құттықтады.


 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама