08 қаңтар 2022 | 15:27

Қарағанды облысында тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан сарбаздармен қоштасу рәсімі өтті

Қарағанды облысында Қызылорда мен Талдықорғандағы Ұлттық ұланның тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан  сарбаздарымен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында Қызылорда мен Талдықорғандағы Ұлттық ұланның тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан  сарбаздарымен қоштасу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мадияр Қайсаров пен Айбат Амановпен қоштасу рәсімі Бұқар жырау және Жаңаарқа аудандарында өтті. 

Қайсаров пен Аманов тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапты. Олар 19 және 18 жаста еді. 

Реклама
Реклама

Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов мерзімді әскери қызметке былтыр көктемде Қарағанды облысының Қорғаныс істері бойынша департаментінің шақыртуымен келген. Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек марқұмдардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Облыс әкімі сарбаздардың отбасына қажет көмек көрсетілетінін айтты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная