31 мамыр 2022 | 00:47

Қарағанды облысында ҰҚТ мемлекетке 300 миллион теңге шығын келтірген

Қарағанды облысында жалған шот-фактуралармен айналысқан ҰҚТ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында жалған шот-фактуралармен айналысқан ҰҚТ ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі.

"2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Күдікті үйқамаққа алынды. Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная