Қарағанды облысындағы қарттар үйінде 96 адамнан COVID-19 анықталды

Фото: elements.envato.com

Шахан ауылының қарттар мен мүгедектер үйінде 96 адам коронавирус жұқтырды. Мұндай ақпаратты Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шахан ауылының қарттар мен мүгедектер үйінде 96 адам коронавирус жұқтырды. Мұндай ақпаратты Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шахан ауылының қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде 96 адамнан ПТР-зерттеу нәтижелері бойынша коронавирус инфекциясы анықталды, оның ішінде 70-і қамқорлықтағы адам, 26-сы осы мекеменің қызметкері. Барлық науқас ауруханаға жатқызылды, ал байланыста болғандар оқшауланды, олар медициналық бақылауда. Жағдайы ауыр науқастар жоқ", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі өкілдері.

Пансионатта барлық қажетті эпидемияға қарсы іс-шаралар өткізілді. Санитар дәрігерлер эпидемиологиялық жағдай бақылауда екенін айтты.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысындағы қарттар үйінде коронавирус ошағы анықталғаны хабарланған. Кейін пансионаттағы вирус ошағы оқшауланғаны белгілі болды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама