Қарағанды облысындағы тасжолдарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қозғалыс шектелді

© Tengrinews.kz.

Қарағанды облысында аязға байланысты дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

Қарағанды облысында аязға байланысты дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. 

ТЖД мәліметінше, үш тасжолда шектеу енгізіледі.  

"7 қаңтар сағат 18.00-ден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты, "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ мәліметінше, Алматы-Екатеринбург (1070-1142 шақырымда) Теміртаудан Ақмола облысына дейін дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынады", - деді ТЖД өкілдері. 

Реклама
Реклама

Одан бөлек, 7 қаңтар сағат 18.00-ден бастап қатты аязға байланысты Қызылорда-Павлодар тасжолында (1066-1135 шақырым) Молодежны ауылынан павлодар облысының шекарасына дейін, Нұр-Сұлтан-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау тасжолында (104-51 шақырым) Нұра ауылынан Ақмола облысына дейін дизель арқылы жүретін көліктерге және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама