03 ақпан 2014 11:59

Қарағанды облысының әкімі Twitter-ге тіркелді

Бауыржан Әбдішев. ©Karaganda-region.kz

Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев Twitter-ге тіркелді деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазнет тұтынушыларының мәліметінше, ол - Twitter-де аукаунт ашқан тұңғыш облыс әкімі. Әбдішев ә дегенше төрт твит жазды, оны алғашқыда 210 оқырман оқи бастады. Қарағанды облысы басшысының өзі әзірше ешкімге оқырман бола қойған жоқ. 2 ақпан күні ол өзінің алғашқы твитін ресми түрде екі тілде жазды: "Қадiрлi Отандастар! Сіздермен осы желіде қауышқаныма қуаныштымын. Ортақ мүдде төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасамыз деген ойдамын". "Дорогие Земляки! Рад возможности общению с Вами в данной сети. Не сомневаюсь, что общение с вами будет полезным". Бауыржан Әбдішев Twitter-де өңірдің 2013 жылғы экономикалық-әлеуметтік дамуын қорытындылағанын және осы жылға міндеттер белгілегенін де хабарлады. Сонымен бірге, ол өзінің даңқты жерлесі - боксшы Геннадий Головкинді жеңісімен құттықтады. Tengrinews.kz Twitter-де өте белсенді шенеуніктердің жазбаларын үнемі қадағалап отырады. Олардың қатарында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұхтар Тінікеев, Светлана Романовская, Айгүл Соловьева және басқалар бар.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram