18 маусым 2024 | 15:13

Қарағанды ​​тұрғыны бір букет гүл сатып алып, тергеуге ілікті

Фото: kaspi.kz

Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері тауар мен қызмет ақысын жасанды купюрамен төлеген 23 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда криминалдық полиция қызметкерлері тауар мен қызмет ақысын жасанды купюрамен төлеген 23 жастағы жігітті ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, жігіт әуелі 24 сағат жұмыс істейтін гүл дүкенінен сүйіктісіне гүл шоғын сатып алған. Сатушы 20 000 теңгелік жалған ақшаны бірден танымаған.

Артынша жігіт жақын маңдағы асханаға барып, таңғы ас ішкеннен кейін номиналы 20 мың теңгелік жасанды банкнотпен есепшотты төлеп, шынайы ақшаға ауыстырып алған.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная