21 шілде 2022 | 09:45

Қарағандыда 15 жастағы қызды талап тастаған иттің иесі анықталды

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото t.me/patriot_patriot

Қарағанды ​​полицейлері қаладағы шағынаудандардың бірінде 15 жастағы қызды қауып алған ит иесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​полицейлері қаладағы шағынаудандардың бірінде 15 жастағы қызды қауып алған ит иесін тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда иттің қызға шабуылы резонанс тудырды. Әлеуметтік желілерде ашулы иттің көшеде жүгіріп бара жатқаны түсірілген видеолар пайда болды. Желіде кішкентай қызды талап тастағаны туралы видеолар мен ақпарат тарағаннан кейін Қарағанды ​​полицейлері жануардың иесін іздеуге кіріскен. Бірнеше сағаттың ішінде ит иесі анықталды.

Реклама
Реклама

"Полиция қызметкерлері жануардың иесін анықтады. 36 жастағы азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 407-2-бабы 1-бөлігі 4-тармағы бойынша "Үй жануарларын ұстауға және серуендетуге қойылатын Қазақстан Республикасының жануарларға жауапкершілікпен қарау саласындағы заңнамасын бұзу" ӘҚ бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Оған 10 АЕК (31 800 теңге) көлемінде айыппұл салынды", - деді Қарағанды ​​облысы бойынша ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Ведомство қызметкерлері мәліметінше, иттің иесі жәбірленушіні емдеуге кеткен шығындарды өз еркімен толығымен төлейтінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда ит 15 жастағы қызға шабуыл жасағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная