28 желтоқсан 2022 12:36

Қарағандыда 19 вагон рельстен шығып кетті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды-Ақадыр учаскесінің Қарабас станциясында жүк пойызының 19 вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, оқиға 28 желтоқсанда 07:45-те болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуі жекеменшік иесіне тиесілі бірінші астық тасымалдаушы доңғалақ жұбының кептелісіне байланысты болды. Бұл жағдайды тексеру үшін "ҚТЖ" ҰК" АҚ-да арнайы комиссия құрылған.

Реклама
Реклама

Осы учаскедегі пойыздар қозғалысы көрші жолмен ұйымдастырылған. Қарағанды, Құлайғыр станциялары бойынша екі жолаушылар пойызы кідірілді. Вагондардың жолдан шығуы салдарын жою үшін Қарағанды, Жаңаарқа, Астана станцияларының үш қалпына келтіру пойызы тартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram