Қарағандыда адам қаққан автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

видео кадры

Қарағандыда базар аумағында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда базар аумағында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген автобус жүргізушісі қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы былтыр 2 қарашада Бұқар Жырау даңғылында, "Шығыс" аялдамасының жанында болған. Кейінірек әлеуметтік желілерде жаяу жүргіншінің видеосы пайда болды, оған қарағанда, қаза тапқан қарағандылықтың өзі автобусқа қарай жүгірген. Жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға толы көлік құралы оңтүстік-шығысқа қарай жүріп бара жатқан.

"Біз қажетті автотехникалық сараптамалар, тергеу эксперименттерін жүргіздік. Осы ЖКО-ны түсірген бейнебақылау камерасынан, серверден бейнежазба алынды. Жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижесінде және сот сараптамасының қорытындысы негізінде тергеу автобус жүргізушісінің жаяу жүргіншімен соқтығысудың алдын алуға мүмкіндігі болмаған деген қорытындыға келді. Прокуратура келісімі бойынша, бұл қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деді Қарағанды облысы ПД бастығы Санжар Әділов.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда жолаушылар автобусы жаяу жүргіншіні қағып өлтіргені хабарланған болатын. Автобусты 39 жастағы жүргізуші басқарған. Марқұм 45 жаста болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама