18 қазан 2024 | 16:56

Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау үшін сотталды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау іс-әрекеттері үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыда аға уәкілетті өкіл азаптау іс-әрекеттері үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот сотталған адамға қатысты азаптау іс-әрекеттерін жасаған Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің аға уәкілетті өкіліне қатысты үкім шығарды.

"Қызметкер Қылмыстық кодекстің 146-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған 3 жыл бойы мемлекеттікқызметте және құқық қорғау органдарында қызмет атқаруға тыйым салынады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сотталушы "әділет капитаны" арнайы атағынан айырылды және ол жәбірленушілерге өтемақы төлеу қорына айыппұл төлейді. Мұндай қылмыстардың алдын алу мақсатында облыс прокуратурасы ҚАЖД қызметкерлері үшін сот процесін тікелей эфирде көрсетуді ұйымдастырған.

Соталды тергеп-тексеруді облыс прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы жүргізгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram