12 мамыр 2021 | 12:24

Қарағандыда әкімдік терезесінен құлап кеткен жұмысшыға қатысты тергеу аяқталды

Фото: elements.envato.com

Қарағандыда қала әкімдігі терезесінен құлап кеткен 37 жастағы жұмысшының қайтыс болу себептері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда қала әкімдігі терезесінен құлап кеткен 37 жастағы жұмысшының қайтыс болу себептері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру жұмыстарымен Қарағанды облысы Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма құрған арнайы комиссия айналысқан. Жақында тексеру аяқталып, қорытындысы жарияланды.

Өңірдегі Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма баспасөз қызметі мәліметіне сүйенсек, жұмыс беруші, яғни Қарағанды әкімдігі жұмысшының қаза болуына 80 пайыз кінәлі.

Реклама
Реклама

"Қарағанды қаласы әкімінің аппараты" қызметкерімен болған жазатайым оқиға дерегі бойынша арнайы тергеу жүргізілді. Комиссия мына себептерді анықтады: жұмыс беруші тарапынан тиісті бақылаудың жоқтығы және жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауы, зардап шегушінің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық талаптарын сақтамауынан абайсызда болған қайғылы жағдай", - деді Қарағанды облысының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма өкілдері.

Комиссия материалдары мен қорытындысы полицияға жолданған. Өңірдің Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасындағылар құқық қорғау органдары ҚР заңнамасына сәйкес тиісті шешім қабылдайтынын айтты.

Айта кетейік, сәуірде Қарағанды әкімдігінің төртінші қабатындағы терезеден 37 жастағы жұмысшы құлап кеткен болатын. Ол жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Артында жұбайы мен балалары қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная