ПОДЕЛИТЬСЯ
18 шілде 2023 | 12:25
Қарағандыда аса ірі көлемде теміржол материалдары жымқырылған
"ҚТЖ" ҰҚ" АҚ Қарағанды бөлімшесінде теміржолдардың жай-күйін жақсартуға арналған материалдарды аса ірі көлемде иемдену дерегі бойынша қатар Жамбыл өңірінде адамдар тобымен тағы бір ұрлық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас көлік прокуратурасына сілтеме жасап.

"Бұл учаскіде жалпы сомасы 5 миллион теңгеден аса шығынмен барлығы 17 эпизод тіркелген.
Тергеудің пікірінше, осы тізімдегі 13 ұрлық "Тараз" станциясындағы көліктегі полицияның лауазымды тұлғаларымен есепке алудан жасырылған", - делінген хабарламада.
Көбінесе қолданыстағы теміржол желілерінің 5 мыңнан аса "ФОССЛО" бекіткіштері ұрланған.
"Бұл негізгі бөлшектер рельстерді мықтап бекітуге және жоғары жылдамдықты қозғалыстың қауіпсіздігін қамамасыз етуге арналған. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жариялануға жатпайды", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также