Қарағандыда аялдамада отырған ер адамның үстіне найзағай түсіп қаза тапты

Алғабек Хамитұлы Корреспондент
Фото: pixabay.com

Қарағандыда 46 жастағы ер адам аялдамада өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, ол найзағай соғып қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда 46 жастағы ер адам аялдамада өлі күйінде табылды. Болжам бойынша, ол найзағай соғып қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Майқұдықтағы "Голубые пруды" аялдамасында 46 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Куәгерлердің айтуынша, ер адамды найзағай соққан. Алайда бұл нұсқаны полиция департаментінің баспасөз қызметі әлі растаған жоқ. Ведомство өкілдері өлімнің нақты себебін сот-медициналық сарапшылар анықтайтынын айтты.

"Мәйіттің табылғаны туралы дерек тіркелді. Ер адамның жеке басы анықталды, ол 1977 жылы туған. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оның өлімінің барлық мән-жайын анықтап жатыр. Мәліметтерді кейінірек хабарлаймыз", - деді Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бүгін Қарағандыда қатты жаңбырдың салдарынан бірнеше көшені су басқан. Жаңбырмен қатар екпінді жел тұрып, күн күркіреп, найзағай ойнады. Ауа райының қолайсыздығынан Майқұдықтағы мектеп-интернаттың шатыры жұлынып, бірнеше шағынаудан жартылай жарықсыз қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама