16 қаңтар 2019 | 10:56

Қарағандыда балабақша тәрбиешісінен түберкулез анықталды

© fb.ru

Қарағанды балабақшаларының бірінде туберкулезбен ауыратын тәрбиеші жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды eKaraganda.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды балабақшаларының бірінде туберкулезбен ауыратын тәрбиеші жұмыс істеп келген, - деп хабарлайды eKaraganda.kz.

"Голубые Прудыықшамауданында орналасқан мемлекеттік "Толағай" балабақшасында 2018 жылы 19 желтоқсанда туберкулездің ашық түрі анықталған. Ата-аналарға тек 2019 жылы 14 қаңтарда айтылған. Әкімшілік ешқандай шара қолданған жоқ: балабақша карантинге жабылған жоқ, балалардан Манту сынамалары алынбады", - дейді баласының денсаулығына алаңдаған ата-аналар. 

Реклама
Реклама

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері байбалам салудың қажеті жоғын және бұл жағдай басынан бақылауда екенін айтты. "2018 жылы желтоқсанда тәрбиеші өзі тексерілген, соның нәтижесінде оны облыстық туберкулезге қарсы диспансерге жіберген. Келесі күні, 20 желтоқсанда біздің мамандар тәрбиеші қыздың үйінде болып отбасын тексерді. 21 желтоқсанда мамандар балабақшада болып, 30 баладан тұратын тәрбиешінің тобын тексерді. Бүгінде 22 бала бойынша мәлімет бар, олар туберкулез жұқтырмаған. Қалған сегіз бала туралы мәлімет бейсенбіде белгілі болады. Кеш бастадық, себебі карантин жарияланған", - деді ведомство басшысының орынбасары Асқар Хорошаш. 

Ол тәрбиешінің ашық түрде туберкулезбен ауырып, сонда жүрді деген мәліметті жоққа шығарды. 

Сонымен қатар, денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары тәрбиешінің диагнозын ата-аналардан неліктен жасырғанын түсіндірді. "Дәрігерлік құпия" деген түсінік бар. Мұндай мәліметтерді, оның ішінде туберкулезбен ауыратыны туралы Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексіне сай жариялауға болмайды. Сол себепті біреудің ауырғаны туралы ата-аналарға ешкім де хабарландыру жібермеуі де керек болған. Балалардан Манту сынамасын алу үшін ата-аналарынан рұқсат қағаз алынды, барлығы да қол қойды", - дейді Хорошаш. 

Тәрбиеші көмек сұрап барған емханада балабақшаға келетін балалардың бірінің анасы жұмыс істейтін болған. Қызметтік құжаттан ол педагогтың ауыратынын біліп, әлеуметтік желіде жариялаған. Қазіргі уақытта қызметтік тергеу жүріп жатыр. Егер осы дерек анықталатын болса, онда ол тәртіптік жауапкершілікке тартылады. 

Педагог болса өз құқығын сотта қорғамақшы. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная