ПОДЕЛИТЬСЯ
05 қазан 2023 | 16:51
Қарағандыда балалардың жаппай улануына қатысты тергеу әлі жүріп жатыр
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балаларға қатысты тергеу әлі аяқталмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балаларға қатысты тергеу әлі аяқталмағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Денсаулық сақтау министрлігі мен медицина қызметкерлері балалардың жағдайын бақылап жүр. Тергеу органдары балалар неден уланғанын анықтап жатыр. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталмады. Уланған бес баланың екеуі жазылып, әлеуметтік орталыққа орналастырылды. Қалған үшеуі оңалтудан өтіп жатыр. Олар көмекті соңына дейін алуға тиіс. Осыдан кейін орталыққа жіберіледі", - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, бұған дейін 31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болғаны хабарланды. 28 тамызда тағы бір бала қайтыс болғаны белгілі болды.
Орталықта 30 шілдеде екі бала өзін нашар сезінген. Олар құсып, кейін іші өткен. 31 шілдеде осы мекемедегі тағы 10 балада ұқсас белгілері бар дерт анықталып, ауруханаға жатқызылған.
Кейін бес бала жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды. Бұл мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также