ПОДЕЛИТЬСЯ
06 маусым 2022 | 18:14
Қарағандыда босанған әйел қайтыс болды: қылмыстық іс қозғалды
Қарағанды облысының полиция департаменті жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Ол босанған №1 перинаталдық орталықта қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қарағанды облысының полиция департаменті жүкті әйелдің қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Ол босанған №1 перинаталдық орталықта қызметтік тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
24 жастағы Динара Левенконың қайтыс болғаны туралы оның әпкесі Анар Мағзұмова хабарлады. Ол бейнехабарлама жазып, оны Желіде жариялады. Әпкесінің айтуынша, Динара дәрігерлердің немқұрайдылығынан қайтыс болған.
"Менің әпкем Динара Левенко 29 сәуірде Қарағандының №1 облыстық перинаталдық орталығында кесарь тілігі арқылы бала туды. Ол үйге ауыр жағдайда оралды. Бір күннен кейін гемоглобині 50-ге дейін төмендеді, бұл қан кетуді білдіреді. Содан кейін ол сол ауруханада жатырын шұғыл түрде алып тастады. Нәтижесінде, ауруханада қан инфекциясы пайда болды, сепсис дамыды, бұл мидың ісінуіне және өлімге әкелді. Менің әпкем 21 күннен кейін акушерлік сепсистен қайтыс болды", - дейді Анар Мағзұмова.
Динара Левенконың артында екі баласы қалды: жаңа туған қызы және алты жасар ұлы. Туыстары әділ тергеу жүргізуді және оның өліміне кінәлілерді жазалауды талап етеді.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі болған оқиғаның мән-жайын түсіндірмеді. Дегенмен, босанған әйелдің қайтыс болу фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру жұмыстары басталғанын хабарлады.
"Тексеруді Қарағанды облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті жүргізеді. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады", - деп атап өтті Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы.
Қарағанды облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті Динара Левенко бақыланған емханадан бастап перинаталдық орталыққа дейін тексеру жүргізетіндерін хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также