04 қараша 2024 | 08:35

Қарағандыда бір жыл бұрын іздеу жарияланған бұрынғы жоғары шенді полицей ұсталды

©️ instagram/podslushanosaran

2023 жылдың желтоқсанында іздеу жарияланған Қарағанды ​​облысы ПД тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

2023 жылдың желтоқсанында іздеу жарияланған Қарағанды ​​облысы ПД тергеу басқармасының бұрынғы бастығы Рустам Құлкеев бір жылға жуық уақыттан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР ІІМ баспасөз қызметі Құлкеевтің ұсталуына қатысты ресми пікір берді.

"ІІМ ӨҚД жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде іздеуде жүрген азамат Қ. ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол 2023 жылы теріс себептермен ІІО-дан Қарағанды ​​облысы ПД Тергеу басқармасының бастығы қызметінен босатылған.

Ішкі істер министрлігі өз құрамындағы кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік туралы өзінің принципті ұстанымын білдіреді және оларды жою бойынша жұмысты жалғастырады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Құлкеев қылмыстық іс аясында тәркіленген майнинг техникасын ұрлады деген күдікке ілінді. Экс-полиция бастығына қатысты "Ұрлық" және "Қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану" баптары бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Құлкеевті іздеу туралы хабарлама Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі сайтында жарияланған. Ол 2023 жылдың 1 желтоқсанынан бастап іздеуде болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная