30 мамыр 2023 | 14:21

Қарағандыда екі автобус соғылып, төрт адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, төрт адам зардап шекті. Науқастардың бірі ауыр бас-ми жарақатын алып, көптеген сынықтар алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, төрт адам зардап шекті. Науқастардың бірі ауыр бас-ми жарақатын алып, көптеген сынықтар алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бүгін, яғни 30 мамырда болған.

"Дүйсембеков көшесінен Бұқар жырау даңғылына қарай бағыт алып бара жатқан Yutong автобусының 54 жастағы жүргізушісі жол қауіпсіздігі ережесін және жылдамдықты сақтамай, жаяу жүргіншіні өткізіп тұрған 51 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Mercedes қоғамдық көлігінің артынан соққан. Соның салдарынан Mercedes қоғамдық көлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші, Yutong автобусының екі жолаушысы және Mercedes автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді.

Аталған дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шеккендердің жағдайы туралы мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, науқастардың бірі оларға ауыр жарақатпен келген.

"Барлығы төрт адам зардап шекті. Бас-ми жарақаты, мойын сүйегінің сынуы, бірнеше қабырғаның сынуы, кеуденің жабық зақымдануы бар бір науқас ауруханаға жатқызылды. Екі науқас амбулаториялық бақылауға жіберілді. Төртінші пациент динамикалық бақылауда қалады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная