22 қаңтар 2023 | 10:24

Қарағандыда екі қабатты ғимаратта жарылыс болып, 2 адам зардап шекті

Қарағандыда екі қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда екі қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, екі адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

21 қаңтарда сағат 18:51-де Қарағанды қаласы, Щорса көшесі, 37 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйде газ баллоны (көлемі 5 л) жанбай жарылған.

Реклама
Реклама

"№6 пәтер (2-қабатта) мен жартылай №4, 5 (2 қабатта) және 3 пәтерде (1-қабатта) алдын ала алаңы 36 шаршы метр аумақта ағаш төбесі мен қалқалар опырылған. Салдарынан 1970 жылы туған ер адам мен 1971 жылы туған әйел адам дене жарақатын алып, күйік шалып Қарағанды қаласының облыстық медициналық орталығына жатқызылды", - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 36 қызметкері мен 8 бірлік техника жұмыс істеді. Оқиға орнына Қарағанды ​​қаласының әкімі Мейрам Қожухов келді.

Қала әкімдігі тұрғындарға подъезден жатақханадан орын бөлді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная