Қарағандыда гастролер-ұры ұсталды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағандыда гастролер-ұры ұсталды

Қарағандыда гастролер-ұрының қылмыстық жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда гастролер-ұрының қылмыстық жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда Қазыбек би атындағы полиция бөлімінің қызметкерлері Қазақстанның бірнеше ірі қаласында ұрлық жасаумен айналысқан 27 жастағы күдіктіні ұстады. Тергеу барысында оның қылмыстық әрекеттері тек Қарағанды қаласымен шектелмей, Астана, Шымкент пен Тараз қалаларын да қамтығаны анықталды.

"Күдікті қаладағы сауда орындарының бірінен ұялы телефон ұрланғаны туралы арыздан кейін полиция қызметкерлерінің назарына ілікті. Бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият зерделеу және куәгерлердің айғақтарын жинау нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің жеке басын анықтады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жүргізілген жедел-тергеу іс-шараларының қорытындысы бойынша, ұсталған азаматтың Қарағанды және республиканың өзге өңірлерінде жасалған кемінде төрт ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды.

Қазіргі уақытта тергеу органдары күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің барлық эпизодын анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу аяқталғанға дейін күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама