Қарағандыда газ баллоны жарылып, бірнеше адам зардап шекті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 9 желтоқсанда сағат 12.19-да Петрозаводская көшесіндегі Бөкейханов атындағы ауданда өрт шыққаны туралы ақпарат түскен.

"Тұрмыстық газ баллонынан (50 литр) газ-ауа қоспасы шығып, 70 шаршы метр аумақта өрт тұтанған. Өрт сағат 13.07-де сөндірілді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, департамент өрт салдарынан күйік шалып 1952 жылы туған ер адам, 1953 жылы туған әйел және 8 жастағы бала ауруханаға жеткізілгенін хабарлады.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама