14 желтоқсан 2022 | 16:10

Қарағандыда жедел жәрдем фельдшері екпе салғаннан кейін 9 айлық нәресте жансақтауға түсті

Дина Шарипханова Корреспондент
Иллюстрациялық фото: elements.envato.com

Қарағандыда жедел жәрдем фельдшері укол салған тоғыз айлық сәби жансақтау бөліміне жеткізілді. Сәбидің ата-анасы жағдайды реттеп, кінәлілерді жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыда жедел жәрдем фельдшері укол салған тоғыз айлық сәби жансақтау бөліміне жеткізілді. Сәбидің ата-анасы жағдайды реттеп, кінәлілерді жазалауды талап етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәбидің анасы оқиға туралы әлеуметтік желіде айтып берді. Ол 8 желтоқсанда нәрестенің қызуы көтеріліп, жедел жәрдем шақырғанын жазды. Фельдшер балаға қызуды түсіретін укол берген, содан кейін оның аяғы ісіп, қызарып кетті, дейді қарағандылық әйел.

"Екпеден кейін препаратқа аллергиялық реакция пайда болды. Ешкім аллергиялық тест алған жоқ, баланың бұл препаратқа аллергиясы бар ма, жоқ па білмеймін. Екпе бөксеге жасалды, содан кейін бүкіл бөксесі мен аяғы қызарып, ісіп кетті", - деп жазды нәрестенің анасы.

Реклама
Реклама

Қазір, әйелдің айтуынша, сәби ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Балада абсцесс дендеп, қан құюды қажет болған. Әйел жағдайды анықтап, кінәлілерді жазалауды талап етті.

Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізілетінін хабарлады.

"Дерек бойынша қызметтік тексеріс жүргізіледі. Тергеу қорытындысы қосымша жарияланады. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты ауыр, толық емделіп жатыр", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная