ПОДЕЛИТЬСЯ
03 ақпан 2021 | 10:10
Қарағандыда жылу беру төлемі қайта есептелетін болды
Қарағандыда қала тұрғындарының пәтердің суықтығына байланысты жазған шағымдарынан кейін "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС-ға қатысты тексеру жүргізілді. Кәсіпорынға айыппұл салынды, ал қала тұрғындарына толық берілмеген жылу энергиясына қайта есептеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарағанды тұрғындарының шағымдары негізінде комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Тексеру нәтижесінде жылу беру және қайтару құбырында қойылған және нақты параметрдің ауытқуы байқалып, көрсетілген қызмет сапасы белгіленген нормаға сәйкес келмейтіні анықталды.
"Қарағанды Энергоцентр" ЖШС ӘҚБтК-нің 164-бабы 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық белгілерін, Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді тиісінше орындамауын байқауға болады. Осыған байланысты "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС-ға 4 667 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
Комитет қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұтынушыларға толық алынбаған жылу энергиясын қайта есептеу 2020-2021 жылғы жылыту кезеңінің соңында жүргізілетінін түсіндірді.
Қаңтардың басында қарағандылықтар пәтердің суықтығына шағымданды. Көптеген үйдегі термометр көрсеткіші +10-ға дейін төмендеді, ал ең жақсы жағдайда +16 градусқа көтерілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также