03 ақпан 2021 10:10

Қарағандыда жылу беру төлемі қайта есептелетін болды

Фото:pixabay.com

Қарағандыда қала тұрғындарының пәтердің суықтығына байланысты жазған шағымдарынан кейін "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС-ға қатысты тексеру жүргізілді. Кәсіпорынға айыппұл салынды, ал қала тұрғындарына толық берілмеген жылу энергиясына қайта есептеу жүргізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды тұрғындарының шағымдары негізінде комитеттің Қарағанды облысы бойынша департаменті "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Реклама
Реклама

Тексеру нәтижесінде жылу беру және қайтару құбырында қойылған және нақты параметрдің ауытқуы байқалып, көрсетілген қызмет сапасы белгіленген нормаға сәйкес келмейтіні анықталды.

"Қарағанды Энергоцентр" ЖШС ӘҚБтК-нің 164-бабы 4-бөлігінде көзделген құқықбұзушылық белгілерін, Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді тиісінше орындамауын байқауға болады. Осыған байланысты "Қарағанды Энергоцентр" ЖШС-ға 4 667 200 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Комитет қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тұтынушыларға толық алынбаған жылу энергиясын қайта есептеу 2020-2021 жылғы жылыту кезеңінің соңында жүргізілетінін түсіндірді.

Қаңтардың басында қарағандылықтар пәтердің суықтығына шағымданды. Көптеген үйдегі термометр көрсеткіші +10-ға дейін төмендеді, ал ең жақсы жағдайда +16 градусқа көтерілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram