22 қыркүйек 2021 | 13:25

Қарағандыда кәсіпорындағы өрттің шығу себебі аталды

Дина Шарипханова Корреспондент

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қалдықтарды қайта өңдеу зауытындағы өрттің себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінде қалдықтарды қайта өңдеу зауытындағы өрттің себебі айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қоқыс шығаратын және қайта өңдейтін кәсіпорын аумағында өрт өртеу салдарынан шыққан.

Барлығы кәсіпорынның 1000 шаршы метр ашық алаңы өртке оранды. Өртті сөндіруге 95 адам мен 23 техника, сонымен қатар "ҚТЖ" екі өрт сөндіру пойызы жұмылды.

Реклама
Реклама

"Карпатская көшесіндегі кәсіпорында өрт болғаны туралы хабарлама сағат 19:28-де түсті. Оқиға орнына жеткенде ЖШС аумағында қалдықтарды жою және қайта өңдеу аумағында автошиналар жанып жатқаны анықталды. Өрт 22 қыркүйекте сағат 03:00-де жойылды. Өрттің шығу себебі - ашық от көзі, яғни өртеу", - деді Қарағанды ​​облысы ТЖМ баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, қайта өңдеу кәсіпорнының аумағында өрт шыққаны хабарланған болатын. Өрт сөндіруге Қарағанды облысының ТЖД қызметкерлері жұмылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная