ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қазан 2023 | 14:30
Қарағандыда қаза тапқан кеншілердің табысы қанша болған?
Вице-премьер Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Вице-премьер Тамара Дүйсенова Костенко атындағы шахтада қаза тапқан кеншілердің жалақысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Олардың табысы туралы деректерді Отбасының цифрлық картасы арқылы қарадық. 300 мыңнан 1,6 миллион теңгеге дейін, өйткені олардың арасында жас қызметкерлер, жұмысқа енді орналасқандар бар. Сондықтан, жалақыда осындай айырмашылық бар. Біліктілігі мен атқарған жұмысына қарай", - деді Дүйсенова үкімет брифингінде.
Ол кеншілердің жалақысын көтеру мәселесі жыл сайын қаралатынын айтты.
"Олардың ұжымдық шартында жұмыс көлемін жүзеге асырғаны үшін тиісті қосымша төлемдер қарастырылған. Былтырлары - инфляция деңгейінде, содан кейін өндіріс көлемі тұрғысынан қарастырылды", - деді премьер-министр орынбасары.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также