Қарағандыда құдықтан екі ер адам өлі табылды

Дина Шарипханова Корреспондент
Қарағандыда құдықтан екі ер адам өлі табылды Фото:depositphotos.com

Қарағандыда коммуналдық кәсіпорынның екі қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда коммуналдық кәсіпорынның екі қызметкері қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Федоровка ауданындағы жетінші кәріз-насос станциясында құдықтардың бірін тазарту кезінде қайғылы оқиға болды. Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жабық кеңістікте метан газының әсерінен тұншығып қалған — мұндай нысандарда бұл газ жиі жиналады.

"Бұл факт расталады. "Қарағанды Су" ЖШС-нің екі қызметкері қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапты", — деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Реклама
Реклама

Оқиға орнында арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Еңбек инспекциясы тарапынан тексеріс жүргізіліп жатыр, сондай-ақ оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу ұйымдастырылған.

"Қарағанды Су" компаниясы әзірге ресми сараптама нәтижелерін күтудің қажет екенін айтып, егжей-тегжейлі түсініктеме беруден бас тартты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама