24 қаңтар 2023 09:36

Қарағандыда мектеп оқушылары көршілерін өрттен аман алып қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыдағы Сортировка тұрғын алабында шыққан өрттен мектеп оқушылары қарт көршілерін аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы Сортировка тұрғын алабында шыққан өрттен мектеп оқушылары қарт көршілерін аман алып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 жастағы Ерасыл мен 14 жастағы Қанат көмек сұрап айғайлаған қарт көршілерді өрттен аман алып қалған.

Олардың бұл батырлығы әлеуметтік желілерде тарады. Алғыстарын білдірген жергілікті тұрғындар балалардың суреттерін жариялап, олардың көмегімен адам шығыны болмағанын атап өтті.

Реклама
Реклама

Tengrinews.kz тілшісі ағайындылардың бірімен хабарласты.

"Ол үйде ата мен әже тұрады. Ағам екеуміз оларға қар тазалауға көмектестік. Кенет үйден өрт болып жатыр деп айғайлады. Қарлы күректерді алып, үйге жүгірдік", - дейді Ерасыл.

Ерасылдың айтуынша, кейінірек басқа көрші бала келген. Жігіттер өртті қармен сөндірген. Кейін Ерасыл өрт сөндірушілерді шақырып үлгерген.

"Өрт орташа болды. Өрт сөндірушілер 15 минутта келді. Біз жартысын сөндірдік. Өрт сөндірушілер төбені және қабырғаларды өздері сөндірді", - деп түсіндірді бала.

Ерасыл 8-сынып оқушысы, ағасы Қанат Сортировкадағы №12 мектептің 9-сыныбында оқиды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram