ПОДЕЛИТЬСЯ
22 ақпан 2021 | 12:53
Қарағандыда мейрамханада той жасаған судьяның бауыры жазаланды
Судья Естай Исабековтің бауыры Қарағанды мейрамханасында болған тойдың видеосынан кейін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайын Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері баяндалды.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Судья Естай Исабековтің бауыры Қарағанды мейрамханасында болған тойдың видеосынан кейін жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның мән-жайын Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілдері баяндалды.
Той "Рубин" мейрамханасында судья Естай Исабековтің анасының құрметіне өткені хабарланды. Ол туған күнін атап өткен.
"Материалды қарау барысында Исабеков тексеру нәтижелерімен танысуы және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы рәсімдеу үшін басқармаға шақырылды. Исабековтің 12.02.2021 жылғы жазбаша өтінішіне сәйкес іс-шараны бауыры А.Р. Исабеков ұйымдастырған", - деп хабарлады Қазыбек би атындағы ауданның санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы өкілі.
Судья Исабековтің бауыры өз кінәсін мойындады. Оған айыппұл салынды.
Ал судья тәртіптік жауапқа тартылуы мүмкін. Оның жұмыс орнына хат жіберілді.
"Сол кездегі бас мемлекеттік санитар дәрігерлердің қаулысына сәйкес, іс-шараларға қатысушылар әкімшілік жауапқа тартылған жоқ", - деп толықтырды басқарма өкілі.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Қарағандыда болған тойдың видеосы тараған болатын. Кадрларға қарағанда, Қарағанды облыстық сотының судьясы анасының мерейтойын қаланың беделді мейрамханаларының бірінде өткізген.
"Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабеков мобильді топ мүшелерімен "сен" деп сөйлеседі, полицейден маскасын шешуді талап етіп, мекемеде прокурорлар да демалып отырғанын мәлімдеді", - деп жазылды "Хабар 24" сайтында.
Кейін Қарағанды облыстық соты видеоға түсінік берді
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также