ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 19 маусым 2026 08:09
Қарағандыда өртсөндірушілер 20 мысық пен бір итті құтқарды
Қарағандыдағы екіпәтерлі тұрғын үйде болған өрт кезінде ТЖМ қызметкерлері 20 мысық пен 1 итті аман алып қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Өрт Қазыбек би ауданындағы Черкасская көшесінде орналасқан тұрғын үйде шыққан. Тілсіз жау алдымен үй ішінде басталып, соңынан жалпы ауданы 100 шаршы метр болатын жабық бастырмаға, гараж бен шаруашылық құрылыстарына жайылған.
"ТЖМ қызметкерлері үй ішінен 20 мысық пен 1 итті құтқарды. Өртті сөндіру барысында жану аймағынан 3 газ баллоны шығарылып, ықтимал жарылыстың алды алынды. Сондай-ақ екі гараждан екі автокөлік құтқарылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу