Қарағандыда рөлдегі әрекетін видеоға түсірген жүргізуші ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Қарағандыда полицейлер өзінің құқық бұзу әрекетін бейнекамераға түсірген жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандыда полицейлер өзінің құқық бұзу әрекетін бейнекамераға түсірген жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жол жүру ережесін өрескел бұзған жүргізушінің бейнежазбасы әлеуметтік желілерге мониторинг жұмыстарын жүргізу барысында анықталған.

"Жүргізушінің кім екенін анықтау мақсатында облыстың патрульдік полиция полкінің жеке құрамына бағдар берілді. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы жұмыссыз қала тұрғыны анықталды.
Оған қатысты хаттама толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ал жүргізушінің әлеуметтік желісінде полиция формасымен тұрған суреті фотошоп арқылы жасалғаны дәлелденген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама